«Altyn Kargaly» отель-санаторий КИ балаларды тәулік бойы есту-сөйлеу оңалтудың бейімдеудің төртінші маусымы аяқталды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығының» қызметкерлері және шақырылған мамандар – сурдопедагогтар, логопедтер, психологтар балалармен бейімдеу сабақтарын өткізді. 15 күн бойы бойы балаларды оңалту бағдарламасына сәйкес, әр баланың пайда болатын есту және сөйлеу функцияларына негізделген жеке қабілеттерін дамытуға барынша жағдай жасады. Сондай-ақ ұстаздар «Отбасы – бақыт мекені» атты тренинг өткізді, оған ата-аналарда қатысты. Көк төбе саябағына экскурсия өткізілді.
«Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» мамандарының еңбегі бағаланады. Мұны ата-аналардың барлық мамандарға айтқан алғыс сөздері растайды.
Материалдың фотосуреттері: