Жаңалықтар

Қазақстандағы Ауған соғысы - ардагерлері Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына (12 ақпан) 35 жыл толды

Қазақстандағы Ауған соғысы - ардагерлері Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына (12 ақпан) 35 жыл толды

Ауған соғысы 1979 жылдан 1989 жылға дейін он жылға созылды. Сол әскери қимылдарға Қазақстаннан 22 мыңнан астам жауынгер қатысты. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша 19 мыңға жуық ауған жауынгері болса, оның үш мыңы мүгедек.

Ағымдағы жылдың қаңтарында, мерейтойлық күніне орай республика бойынша «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» құжаттар қабылданды. Бұл төлемнің мөлшері бастапқыда бюджет мүмкіндігіне қарай мәслихаттардың шешімімен әр өңірде жеке белгіленетін болатын. Төлемнің мөлшерін қарастырып Еңбек министрлігінің мамандары әкімдіктерге ұсыныс ретінде – республика бойынша бірыңғай көлемде материалдық көмек көрсету мүмкіндіктерін табып мөлшерін көтеру туралы өтініш жолдады.

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны негізінде (әрі қарай – ӘҚСД ҰҒО) есте қаларлық күніне – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған жиын өткізді.

Іс-шараның мақсаты: кәсіпорын қызметкерлері мен жастар арасында патриоттық сезімді, жауынгерлерлікті тәрбиелеу –  Отан қорғаушылар туралы білімдерін кеңейту.

Шараға Ауғанстандағы соғыс және басқа да әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедекті қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Жиын барысында жұмысшылар соғыстың тарихы, оның себебі неде, әскерге шақырылған жастардың ыстық нүктеге тап болып қатысқаны, отқа орануы қандай болды деген сұрақтар қойды.

Кездесу қонағы Марат Шаймерденов тарихымыздың осы бір парағы туралы, жауынгерлеріміздің соғыс қимылдары мен интернационалдық борышын өтеуіне тоқталды. Кездесу соңында ардагерлер мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуде әрқашан дамуға ұмтылып, өз мамандығына лайықты, өз елінің нағыз патриоты, азаматы болуға тілек білдірді.

Ардагерлер кездесуі ойдағыдай өтіп, шара соңында ардагерлерге ұжым қызметкерлерінің естелік сыйлықтары табыс етілді.

Кәсіпорын ұжымы ардагерлермен әрі қарай ынтымақтастықта болуға және қызметкерлер арасында мәдени-патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында ӘҚСД ҰҒО ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың негізі болып табылатын қарым-қатынасты жалғастыруға үміттенеді.

 

Материалдың фотосуреттері:

Басқа жаңалықтар

Байланыстар

Мекен-жай
050004, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 65
Телефон
E-mail
Жұмыс тәртібі
Дс. – Жм.: 8:00 ден 17:00 дейін

Біз әлеуметтік желілерде