«Altyn Kargaly» отель-санаторий КИ балаларды тәулік бойы есту-сөйлеу оңалтудың бейімдеудің бірінші маусымы аяқталды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығының» қызметкерлері және шақырылған мамандар – сурдопедагогтар, логопедтер, психологтар балалармен бейімдеу сабақтарын өткізді. 15 күн бойы бойы балаларды оңалту бағдарламасына сәйкес, әр баланың пайда болатын есту және сөйлеу функцияларына негізделген жеке қабілеттерін дамытуға барынша жағдай жасады.
Есту-сөйлеу оңалтудың кезінде мұғалімдер әртүрлі іс-шараларды жүргізді:
- ата-аналарға арналған дөңгелек үстел
- қолөнер сайысы
- спорттық эстафеталар өткізілді;
- Алматы хайуанаттар бағы мен Көктөбе саябағына саяхаттар ұйымдастырылды
- мамандар мектебі өтті
Педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру аясында Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығында Ресейден келген шетелдік мамандардың қатысуымен «Кохлеарлық имплантациядан кейін балаларды түзету жұмыстарының заманауи технологиялары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Материалдың фотосуреттері: